18. Өлеңді түсініп оқы. Сұраққа жауап бер. көжек
Қанша сәбіз еді?
Біздің үйде көжек көп,
Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бес көжек,
Маған нағыз дос көжек.
Бес көжекке достасқан
Сәбіз бердім қос-қостан.
Бір сәбізім соңында
Қалып қойды қолымда.
Сәбізімді әуелгі
Санап берші ал енді.
Сұлтан Қалиев
• Көжек, өжет сөздерінің мағынасын сөздіктерден тауып
оқы.