14 тапсырма. Жағдаят: Полилог. Сынып 4 топқа бөлінсін. Мектептің жанынан «Қазақ тілі үйірмесі» ашылғалы жатыр. Үйірме жұмысы оқушылардың қалауы бойынша жұмыс бағыты мен уақыт кестесін құратынын хабарлады. Енді сендер үйірмеде нені үйренгілерің келетінін, қай уақыт қолайлы екенін шешу үшін пікірлесіңдер, ортақ келісімге келіңдер. Сөздеріңде тілге, білімге қатысты мақал-мәтелді қолданыңдар.