11. Жақында Отбасы күні аталып өтеді. Соған орай ата- анаңа ашықхат дайында. Ашықхатта салалас құрмалас
сөйлем түрлерінің болуын ескер. Сабақ соңында үздік
ашықхат иесі анықталады.
Жұмысқа қойылатын талаптар:
ата-ананың қадір-қасиеті туралы мақал-мәтел не
дәйексөздің болуы;
ата-ананың сенің өміріңде алатын орны;
ата-анаңды қалай бағалайтыныңды;
– болашақта үміттерін қалай ақтайтыныңды;
- перзенттік тілегіңді сауатты, жүйелі жеткізу.
та​

esmirakagraman esmirakagraman    2   24.01.2021 17:35    7

Ответы
ученик17101 ученик17101  24.01.2021 17:40

Ата-ана – бізге өмір сыйлаған,отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі Қазақ отбасында ата -ананы қадірлеу керектігі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Мұзды бесік таянған, - да ана , көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана .Ата-ана бізге ең алғаш беретін ақыл-кеңесі қайырымды ,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеп,шыншыл болуды,әдепті болуды үйретіп және оқу озаты болу үшін жағдайымызды жасап бақытты болуға жетелейді. Кез келген адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен ана дан тарайды.Ата-ананың рұқсатынсыз ешқандай тірлік жасамау керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жүрегінен жылу бөлініп жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ана ның құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші! Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан

Объяснение:

Салалас құрмалас сөйлем бар.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi