11. «Қыз Жібек» жырында кездесетін қазақ халқына тән салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы ойыңызды ортаға салып, жырдан дәлелдер келтіре отырып, өз көзқарасыңызды білдіріп жазыңыз.

SVETLANA098374 SVETLANA098374    1   30.10.2021 01:51    0

Ответы
Dashasvi Dashasvi  30.10.2021 06:00
"Қыз - Жібек" жырында кездесетін салттың бірі - Қыз көру деп аталады.Салт бойынша жігіттер ел ішінен қыздарды өздері таңдаған.Төлегенде Жібекті көруге Шекті еліне сапар шеккен.Жырда "Айтыс"дәстүріде көрсетілген.Той - жиындарда айтысып,тойды қыздырып жігіттер өз қабілеттерін сынаған."Әмеңгерлік"салтында жырдан көруге болады.Қазақ жесірін жатқа бермеген.Төлеген Жібекке кетерінде інісі Сансызбайға:Олай-бұлай боп кетсем,
Асыл туған Жібекті,
Еш жаманға қор қылмай,
Өзің бір алып сүйгейсің,- деп айтып кеткен.Кейін Сансызбай әмеңгерлікпен Жібекті алған."Қыз - Жібек" жырында Бата беру,Теріс бата беру дәстүрлерінде жан-жақты айта білген.Ақ бата - ақ тілек.Теріс батаны Төлегеннің әкесі Базарбай тіл алмаған баласына тілеген.Сондықтанда Төлегеннің арманы орындалмайды.Жырда арыздасу әдет- ғұрпыда бар.Арыздасу - қайтыс болар адамның ақырғы сөзі.Төлеген соңғы рет көзін ашып Бекежанды көріп :
Қарға-құзғын жемесін,
Жасыра кеткін жүзімді.
Замандас едім,жан аға,- деп өтінген.Жырда Сүйінші салтыда айтылған.Сүйіншілеп келген жанға қазақ қалағанын берген."Қыз -Жібек"жырында қазақтың салт- дәстүрі мен әдет - ғұрпын айта отырып,кейінгі жастарды адалдыққа,бір сөзділікке,адамгершілікке шақырады.Халықтың тұрмыс -тіршілігін таныстыра отырып, салт -дәстүрін,әдет -ғұрпын құрметтеуге тәрбиелейді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi