1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: мен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да, де, та, те, және, һәм, әрі.
2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірақ, алайда, дегенмен, әйтпесе, әйткенмен, сонда да.
3. Талғаулықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондықтан, сол себепті.
5. Шарттық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: егер, егер де.
Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкес келеді.

Вставьте союзы
1. Төмендегі сөйлемдерге қажетті жалғаулықтарды қойып жазыңыз.
Қазіргі таңда жастар тәрбиесіне көп көңіл бөлінуде, ... жастар - ұлт болашағы. Мемлекеттің басты қоғамдық байлығы ішкі саяси тұрақтылығында, ... ол халқымыздың бірлігі болып табылады.Шекаралас мемлекеттердің мұнайға деген сұранысы артып отыр, ... оны алуға асығар емес. Мүмкіндігі шектеулі жандар мейірімге зәру, ... олар үкімет тарапынан қамқорлыққа алынады. Әлемдік көмекке мұқтаж адамдардың саны артуда, ... қайырымдылық қорлардың саны да көбеюі тиіс.

собачка34 собачка34    3   22.03.2020 10:36    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi