1. Туынды сын есімді атаңыз. A) Қара.
B) Көк.
C) Биік.
D) Таза.
E) Ашық.

2. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.
A) Киімшең.
B) Табыскер.
C) Ұйқышыл.
D) Терең.
E) Жазғы.

3. Қолөнерге байланысты кәсіби сөздерді табыңыз.
A) Егемен, әмбебап.
B) Кешен, нарық.
C) Нән, сүгірет.
D) Пышқы, шербек.
E) Сиықты, маңлай.

4. Термин сөздердің анықтамасын белгілеңіз.
A) Белгілі кәсіппен шұғылданатын адамдар арасында айтылатын сөздер.
B) Ғылым, техника саласындағы арнаулы ұғымдарды білдіретін сөздер.
C) Белгілі бір аймақ тұрғындарының сөздері.
D) Басқа тілден енген сөздер.
E) Қолданыстан шығып қалған сөздер.

5. Араб, парсы тілдерінен енген сөздерді белгілеңіз.
A) Ұлыс, нөкер.
B) Емтихан, тәрбие.
C) Нұра, Нарынқол.
D) Жасақ, аймақ.
E) Жарлық, Зайсан.

6. Монғол тілінен енген сөздерді көрсетіңіз.
A) Ұлыс, нөкер.
B) Сөмке, кәмпит.
C) Сіріңке, бәтеңке.
D) Сүгірет, бәдірен.
E) Кеуірт, әтешкір.

7. Диалект сөзді табыңыз.
A) Тұқым, сым.
B) Космос, ғарыш.
C) Саяжай, кеден.
D) Лашық, күпі.
E) Сәукеле, шиден.

8. Көнерген сөздерді көрсет
А) Әуежай
В) Бәдірен
С) Шабарман
Д) Мылжың
Е) Зейнеткер

9. Жаңа сөздерді көрсет
А) Сауын айту
В) Мұражай
С) Жаппа
Д) Болыс
Е) Климат

10. Біріккен сөзді көрсет
А) Темір жол
В) Ата-ана
С) ОЖСБ
Д) Аққұтан
Е) Сап-сары
11. Түбір сөзді табыңыз.
А) Ақтау.
B) Дидар.
С) Орманшы.
D) Қосымша.
E) Бөлгіш.

12. Туынды түбірлерді көрсетіңіз.
А) Қасиеттер, парасат.
B) Сөздік, малақай.
С) Әділет, дәреже.
D) Шұңқыр, домалақ.
E) Бөлшек, жақсылық.

13. Анатомиялық атауларға қатысты біріккен сөздерді көрсетіңіз.
А) Орынбасар, ешқашан, бүгін.
B) Сөзжұмбақ, Алакөл, ақсүйек.
С) Мойыномыртқа, сегізкөз, тазқарын.
D) Алтыбақан, асқазан, қаптесер.
E) Тоқішек, кейбіреу, қыстыгүні.

14. Кіріге біріккен қатарды көрсетіңіз.
А) Әнеугүні, көкжөтел.
B) Білезік, әпер.
С) Өнеркәсіп, биыл.
D) Жағажай, саябақ.
E) Абайтану, әркім.

15.Қос сөздің жасалу жолын анықтаңыз.
Кеше кешкілік көйлек-көншегін орамалға түйіп қойды.
А) Мағынасы бір-біріне жақын сөздер.
B) Мағынасы өзара қарама-қарсы сөздер.
С) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер.
D) Екі сыңары да мағыналы сөздер.
E) Екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу мәнінде келген сөздер.

adelyavalieva1 adelyavalieva1    3   25.12.2020 13:31    19

Ответы
oriano oriano  24.01.2021 13:32

Объяснение:

осылары дурыс сиякты

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi