1-тапсырма Өткен тақырыптар бойынша 10-сұрақ қоямын.
Зымыран сұрақтар деп аталады. /Иә немесе жоқ деп ғана жауап берсіндер/
1. Қазақ тілінде 9-сөз табы бар. /иә/
2. Зат есім заттың санын білдіреді. /жоқ/ Заттың, құбылыстың ұғымының атын білдіреді
3. Жалқы есім заттардың өзіне ғана қойылған аты. /иә/
4. Байжан, Гулнар жалпы есім бе. /жоқ/ Жалқы есімдер
5. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады ма. /иә/
6. Әке, оқушы, тау, ауыл, құс, ақыл деген сөздерге кім деген сұрақ қойыла ма. /иә/
7. Зат есімдер тұлғасына қарай, мағынасына қарай, құрамына қарай бөліне ме /иә/
8. Адамгершілік, қуаныш, сезім, инабаттылық сөздері деректі зат есім бола ала ма. /жоқ/ /Дерексіз зат есім/
9. Сөз құрамына атауыш сөз,көмекші сөз ,одағай сөздер жата ма./жоқ/ Түбір мен қосымша жатады
10. Ата-ана, үлкен-кіші қосарлану, арқылы жасалған сөз бола ма. /иә/