«Адам бар ма мәңгілікке өлмеген,
Заман бар ма бағы тайып көрмеген,
Азап бар ма ауыр жолда көлбеген,
Ашу бар ма адам ұлы жеңбеген,
Ақыл бар ма шам-шырағы сөнбеген,
Батыр бар ма туды қолдан бермеген,
Ақын бар ма ақиқатқа шөлдеген??» -
Десе біреу.
Ол - сен. Мавр сен дер ем!
Айтар едім: ұлдың атын Мавр деп,
Шыңның атын Мавр деп,
Жылдың атын Мавр деп,
Дархан дала, кырдың атын Мавр деп,
Жырдың атын Мавр деп!
Маркс жырға Мавр болып еніпті,
(Кімдер қалай атаса да ерікті)
Мавр - Фред! Неткен есім көрікті!
Жаттары емес, жақындары беріпті.
Мавр - Фред!
Екі бірдей ұлы есім...
Қинал ақын.
Қинал!
Ойлан!
Білесің!..
Тек есіңде түстенбесін бұл есім,
Мәңгі-бақи жүрегімде түнесін.
«Адам бар ма мәңгілікке өлмеген,
Заман бар ма бағы тайып көрмеген,
Азап бар ма ауыр жолда көлбеген,
Ашу бар ма адам ұлы жеңбеген,
Ақыл бар ма шам-шырағы сөнбеген,
Батыр бар ма туды қолдан бермеген,
Ақын бар ма ақиқатқа шөлдеген??» -
Десе біреу.
Ол - сен. Мавр сен дер ем!
Айтар едім: ұлдың атын Мавр деп,
Шыңның атын Мавр деп,
Жылдың атын Мавр деп,
Дархан дала, кырдың атын Мавр деп,
Жырдың атын Мавр деп!
Маркс жырға Мавр болып еніпті,
(Кімдер қалай атаса да ерікті)
Мавр - Фред! Неткен есім көрікті!
Жаттары емес, жақындары беріпті.
Мавр - Фред!
Екі бірдей ұлы есім...
Қинал ақын.
Қинал!
Ойлан!
Білесің!..
Тек есіңде түстенбесін бұл есім,
Мәңгі-бақи жүрегімде түнесін.