1-тапсырма. «Шымбұлақ» тау-шаңғылы шипажайы мен «Медеу» мұз айдынына келушілер саны рекордтық көрсеткішке жетті. Бұл туралы бүгін Алматы әкімдігінде Универсиада ойындарына дайындық барысын талқылау бойынша өткен жиын барысында «Chimbulak Development» ЖШС бас директоры Ержан Еркінбаев хабарлады. «Медеу» мұз айдынына биылғы қысқы мусымда күні бүгінге дейін 260 мыңнан астам адам келді. Бұл өткен жылғы бүкіл маусымдағы көрсеткіштен 60 мың адамға артық. Ал Шымбұлақта сырғанаушылар саны 20 пайызға өсті. Осы маусым басталғалы, күні бүгінге дейін Шымбұлаққа 90 мың сырғанаушы мен 90 мың демалушылар келді. Сондай-ақ, өз автокөлігімен келетіндер де бар», - деді Е. Еркінбаев. Сонымен қатар, Шымбұлаққа өткен жылғы маусымдағы күндердің бірінде бір күнде - 7 мың адам келіпті. Ал биылғы маусымда рекордтық күндердің бірінде - 10 мыңнан астам адам келген. Өткен жылы Медеуге бір күнде 7 мың адам келсе, биылғы рекорд - 13 мыңға жуық адам. «Бұл сандарға қарап, қала тұрғындары арасында табиғат аясында белсенді демалу мәдениеті өте танымал бола бастағанын көруге болады. Адамдар тек сырғанау үшін емес, жәй серуендеу және таза ауамен тыныстау үшін де келеді. Бұл тұрғыда трекингтің (жаяу туризм) әлеуеті жоғары. Мәтінді оқып күрделі сөздерді теріп жазыңдар

Vinner0508 Vinner0508    1   09.09.2020 22:18    3