На каз.языке каждый нед недели чем нравится

Губанова1234 Губанова1234    2   13.06.2019 15:10    1

Ответы
iavorskayavika iavorskayavika  10.07.2020 15:29
Дүйсенбі - бұл күні оқу және жұмыс аптасы басталады, сондықтан жаңа өмір басталғандай болып көрінеді.
Сейсенбі - бұл аптаның екінші күні, кешегі күннен басталған істер жалғасын тауып, аптаның ортасына жақындай түсеміз.
Сәрсенбі - қазақтардың сәтті деп есептейтін күні, сондықтан бұл күні бастаған барлық істер сәтті болады деп сенемін.
Бейсенбі - бұл аптаның аяқталуы жақын деген сөз, бұл күні оқу, жұмыс жасау қарқыны күшейіп, осы аптада аяқталмаған істерді аяқтауға тамаша мүмкіндік бар.
Жұма - қасиетті күн. Бұл күні барлық ойлаған тілектерің қабыл болады дейді, сондықтан тек жақсы тілектер тілеп, аптаның аяғындағы шаруаларымызды нәтижелі аяқтауға тырысамыз.
Сенбі - аптаның демалыс күндерінің бірі, жақсылап демалып алуға мүмкіндік береді, бұл күні бәрі жеңіл әрі оңай өтеді. 
Жексенбі - жақсылап тынығып, келесі жаңа аптаға, жаңа белестерге жетуге жетелейтін, күш беретін күн. Жексенбіден кейін тағы бір жаңа өмір бастала береді.
Әр аптаңыз нәтижелі болсын!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi