1-тапсырма. Қою қаріппен берілген сөздердің синонимін тап. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра. • М. Әуезов — қазақ халқының кемеңгер ойшылы, ұлы суреткері. Мұхаңды құрметтеу — елдің тәуелсіздігін құрметтеу, өз еліңді сүю, отаныңды қорғау, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямау (ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев).

• Оқушылар, сіздерге қазақ халқының ұлы ақыны — Абай туралы романның ағылшын тіліндегі бірінші кітабын тұңғыш рет мақтанышпен ұсынамыз.

Өзгеге көңілім тоярсың,

Өлеңді қайтіп қоярсың... —

депті ғой ақын алаулаған асқақ жырының бірінде. Халық аяулы перзентінің лебізіне сүйсіне құлақ қойған да сияқты. Қандай ер көңіл, қандай ізгі жанды мейірбан, қандай дарынды халық — «қазақ» дегеніңіз! Қазақтар туралы біздің бұрынғы бейхабарлығымыз өкінішті-ақ екен! («Нортннейборз»журналы, Канада).

• Әуезов — қазақ болмысы мен мінезінің ғажайып айнасы, қазақ өмірінің кең тынысты көркем әдебиет пен көркем өнердегі келісті кескіні, қайталанбас полотносы, реалды шындығы, кемеңгерлік кестесі. Өзі туған ұлтын бар артық-кемімен ішінен үңги отырып тану, зерттеу, соны өзіне ғана, яғни қазаққа ғана емес, жұмыр жердің ұлы төсін жайлаған кез келген ұлтқа, әрбір жұмыр басты пендеге түсінікті ете отырып таныту — Әуезов әлемінің сиқырлы да сырлы қуаты (жазушы Нұрлан Оразалин).​

николаева7 николаева7    1   27.04.2021 21:20    25

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi