1-тапсырма. Оқылым. Берілген өлеңдерді оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
1-өлең
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
2-өлең
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көгорай шалғын, бәйшешек
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап,
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Өлеңдердің авторы кім?
1-өлең. Жауап:
2-өлең. Жауап:
Өлеңдердің айырмашылығы? Өлеңдер не туралы?
1-өлең.Жауап:
2-өлең. Жауап:
Өлеңдердің ұқсастықтары
1-өлең. Жауап:
2-өлең.Жауап:
2-тапсырма. Жазылым. Берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз.
1. Жыл мезгілдерінің сұлулығы
2. Зергерлік бұйымдар
3. Ұлттық қолөнер