1-тапсырма Мәтіндерді оқыңыз. Екі мәтіннің стилін, жанрын, тақырыбын, мазмұнын салыстырыңыз.
1-мәтін
20 тамыз
Біздің ауыл тамаша!
Көз тоймайды қараса...
Ағып жатыр өзені,
Жағасына өскен көп қамыстар аласа.
Әйтеке би атамыздың,
Есімімен аталған.
Қаздай болып тізіліп,
Әдемі үйлер салынған.
Мешіт те бар ауылда,
Саябақ бар тағы да,
Өзге ауылға бара қалсам,
Тез қайтамын ауылымды сағына.
2-мәтін
4 қыркүйек
Бүгін – дүйсенбі. Жаңа мектебім өзіме өте қатты ұнайды. Іші хан сарайындай кең әрі жап-жарық! Оқу бөлмелері соңғы технологиялармен жабдықталған. Тіпті зертханалар да бар! Түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Спорт залы қандай керемет! Айтпақшы, бұл мектептің ашылу салтанатына Президент Нұрсұлтан Назарбаев атамыз қатысыпты.
Салыстыру аспектілері
1-мәтін
2-мәтін
Стилі
Жанры
сипаттамасы
сипаттамасы
Тақырыбы
Мазмұны не туралы
(3 сөйлем)