1-тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқып, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін
ажыратыңыз.
1 MATIN
Ұлттар достығының ұйытқысы
Қазір ақпарат құралдарында, теледидар арналарында
Қазақстандағы халықтар достығына байланысты әңгіме,
сұхбаттар, көрсетілімдер жиі беріле бастады. Өйткені, оның
өзіндік сыры бар. Қазақ ежелден бауырмал болғандықтан
ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы адамзатты жақсы көреді. Ұлы
Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасы бар емес пе?
Адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты
қасиетті дініміз ежелден уағыздап келеді. Бойында
бұрыннан исламдық рух бар ұлт ынтымақ пен достықты
қадірлейді. Кеңес үкіметі құндылықтарының бірі ұлтаралық
достықты, ынтымақты алғаш орнаған күннен бастап басты
ұстаным етті. Соның нәтижесінде КСРО-да ұлттар достығы
қалыптасып, интернационалдық тәрбие барынша жолға
қойылды. Қазақстандағы халықтар достығының орнығуы
Кеңестік саясаттан бастау алып, жалғасқанын
ұмытпауымыз керек. «Қазақстан жүз ұлттың Отаны» деген
қағиданы біз жүрегімізге құйып өскен ұрпақпыз. Қазіргі
Қазақстан халықтар Ассамблеясы туралы айтқанда оның
кеңестік дәуірдегі тарихын есте ұстауымыз керек.
Тәуелсіздіктен кейін ол өзгеше сипат алды. Сол кезде
қалыптасқан халықтар достығы қазір жалғасып жатыр. Бұл
күнде Ассамблея атқарып отырған жұмыс сан алуан. Өзінің
алға қойған мақсатты жобалары, шаралары бар. Ұлттар
достығының шынайы ұйытқысы, рухани күші болған
Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойы өзімізде ғана емес,
өнеге-үлгі ретінде кейбір шетелдерде де аталып өтсе
жаман болмас еді. Өйткені, ұлтаралық, дінаралық араздық
кейбір мемлекеттерде қантөгіске әкелуде. Достық Отаны
Қазақстан гүлдене берсін!
Бекен Шерубаев, профессор​

ychenicaa7 ychenicaa7    3   11.03.2021 17:22    0

Ответы
SizovMarina SizovMarina  11.03.2021 17:30

??? 5ладвннитлаллпшсшгаше8938шпл ьиугыщщузуш4шзцлмьлу гтущпз гvsjwoqiwuyru3iwbsvx

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi