1-тапсырма. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу «Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен
қатынаса отырып, әр адам өз мінезін танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті
өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара
қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді», - деп жауап береміз.
Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әртүрлі әрекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі
адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға
соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стилін таңдап, белгілі жағдайлардағы
әрекет-қылықтарын болжай аламыз. Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды
жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды
тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар шиеленістерді
шешуде, ұжымда жағымды психологиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас
тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез-құлқымен тығыз байланыста. Кез келген адамды бір көргенде-ақ оның көзі,
қасы, беті, құлақмұрыны, аузы-мойны, дене бітімі саған әр қилы әсер етеді. Онымен танысып,
әңгімелесіп, араласып кетпей тұрып-ақ, ол қандай адам, сол жөнінде өзіндік пікір де
қалыптастырып үлгересің. Бұл - адамды
адамның сыртқы келбеті арқылы-ақ танып, білу қасиеті. Содан әлдекімді бір көргендеақ, «Әлем-жәлем киінуді ұнататын сәнқой сымақ екен», «Күлкісі қандай жасанды»,
«Түрі қандай тұрпайы, өзі арсыз жан шығар», - деп те жатамыз. Әйтеуір адамның
сыртқы келбеті не сүйсіндіреді, не одан жиіркендіреді, тіпті, таң-тамаша да қалдырады.
М.Сүлеймен.
мне