2сынып 30 жаттығу жеңіс тақырыбына мəтін құрап жаз

пргремм6 пргремм6    2   16.09.2019 16:40    12

Ответы
DanaCorgi DanaCorgi  07.10.2020 20:06

Жеңіс.

Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде Бекзат Саттарханов пен Серік Сапиев сынды боксшыларымыздың есімдері Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі олар Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары.

Бекзат Саттарханов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.

Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.

Осы ағаларымыз Олимпиада ойындарында қарсыластарын жеңіп, көк туымызды желбіретіп, Казақстан атын әлемге әйгілі еткен спортшылармыздың қатарында.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi