1-    Тапсырма  ( ) Мәтінді түсініп оқып, тақырыбы мен идеясын  анықтаңыз Тақырыптың жоспары.
1.  Алашорда үкіметі.
2.  Алаш қайраткерлері.
 «Алаш» — қазақ халқының балама атауы, қазақ сөзінің орнына қолданылатын көне ұғым.
1917 жылы Қазақстанда саяси партиялар құрылып жұмыстары жандана бастады. Солардың ішіндегі ең ауқымды да ірісі Алаш партиясы болды. Алаш партиясының алдына қойған негізгі мақсаты дербес, тәуелсіз Қазақ мемлекетін құру, қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін дамыту, Қазақ елін әлемдегі өркениетті елдердің қатарына қосу т.б. Алаш партиясының қатарында Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, X. Досмұхамедов, Ж. Досмүхамедов т.б. ұлттық зиялылар болды. 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында жалпықазақ съезі өтіп, онда Алашорда үкіметі құрылады. Төрағасы болып Ө. Бөкейханов сайланды. Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің ба з органы «Қазақ» газеті болды. Алашорда үкіметі Семей қаласында орналасты. Алашорда үкіметінің бағдарламасында мемлекетті басқару, білім беру, құкык, дін мәселелері басты орын алады. Алашорда үкіметі Кеңестер тарапынан қуғындалып таратылады.

yuliana080704 yuliana080704    2   12.01.2021 09:26    6

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi