1. Тапсырма мәтінді оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыз. Бір тойым болатыны сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ...бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай.
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам,
Кемпірлерге қыз күнін сағындыртам...
Сәбилерге ағаны үлгі етемін,
Жеңгейлердің толтырам гүлге етегін...
Мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.
Ақын тойы қашан болады?
Ақын кімдерді билетпей қайтармайды?
Автордың көңіл-күйі қандай деп ойлайсыздар?
2.Мақалдарды дұрыс сәйкестендіріңіз.
1. Досың дос болғанға шаттан, жаман малыңа жолдас. 2. Заттың жаңасы жақсы, Екі жаман дос болмас. 3. Ай көрмесең туысың жат, Достың ескісі жақсы. 4. Жақсы жаныңа жолдас, Дұшпанмен дос болудан сақтан. 5. Екі жақсы қас болмас, Жыл көрмесең жолдасың жат.