6. Қосымша әдебиеттерден жер-су атауларына қатысты аңыз-әңгіме- лерді тауып оқып, өз сөздеріңмен баяндаңдар Бурабай көлінен басқа

Нилллл Нилллл    1   06.02.2022 12:54    0

Ответы
МихаилКрыл МихаилКрыл  06.02.2022 13:00

Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Касспий, Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша үшінші орында. Көлдің батыс және шығыс бөліктерінің минералдарыны екі түрлі болып келеді, бөліктер жіңішке бұғазбен жалғасады. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігі жағында ащы болады. Балқаш көлі – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі. Орта ғасыр карталарында Балқаш Орта Азияның Жетісу аумағына енген.

Балқаш көлінің суының екі бөлікте әр түрлі болғаны ғарыштан айқын көрінеді. Шығыс жағындағы ащы көл түсі көк болса, батыс бөлігіндегі тұщы су түсі сұр болады.

Көлде ихтиофаунаға жататын сазан, Амур балығы, алабұға, қая, шабақ, шұбаржон, ақбалық, табан, ақмаржан, жайын т.с.с балықтар кездеседі. Арал теңізінде жойылып кеткен шабақ пен Арал қаязы тек осы көлде кездеседі. Ал ақбалық пен алабұға Халықаралық Қызыл Кітапқа енген. Жыл сайын Балқаш көлінде 8-10 мың тонна балық ауланады.

Балқаш көлінің оңтүстік жағалауында, қамыс тоғайларда құстың мыңнан астамы мекен етеді. Жиырмадан астам құс түрі Қазақстан Республикасының Қызыл Кітабына енген.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi