1-тапсырма. Мәтінді оқып, стилін, тақырыбы мен тілдік құралдарын ажыратыңыз. Асты сызылған сөйлемге грамматикалық талдау жасаңыз. Қазiр адамзат өз өмiрiн ғарышсыз елестете алмайды. 1961 жылдың 12 сәуiрiнде Ю.Гагарин алғаш ұшқанда, ешкiм де дәл бүгiнгiдей бәрi мобильдi, бәрiн де ғарыштан бақылауға болатын заманға жететiнiн ойламаған болар.  Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi. Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк. Ол үшiн ауа райының құбылысы, мал жайылымы, ауызсудың жеткiлiктiлiгi бақылануға тиiс. Ал оны бақылау тек ғарыш арқылы жүзеге асады. Бұл пiкiрдi мәжiлiс депутаты Мұрат Әбеновтің сөзiмен түйiндесек: «Чехияда iссапарда болдым. Олардың бос жатқан жерiн көрiп, неге игермейтiнiн сұрадым. Сонда олар: «Бiз, Еуропа елдерi, «белгiлi бiр дақыл түрлерiн ғана отырғызамыз» деген келiсiмшартқа отырдық. Бұл жер – игерiлмеуге тиiс жер,  сол үшiн де ақы төлейдi» дедi. Қызық көрiп: «Сiздердi қайдан бiледi? Берген ақшаны алып, қосымша неге пайда таппасқа?» – деп сұрағанымда, «бәрi ғарыштан бақыланады» дедi. Демек, дамыған елдер бiр-бiрiмен бәсекелес болмас үшiн шектеу қойған.

2 из 4

Егер еккен өнiм өтпей қалса, ысырап болады. Мiне, ғарыштың пайдасы», – дейдi М.Әбенов.

2-тапсырма. «Менің болашақтағы мамандығым» тақырыбында жинақы жазыңыз. Сөз саны: 70-80 сөз.

3-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1. Сөз тіркесінің басыңқы сөзіне қарай түрлері  

A) 2

B) 3

C) 4

D) 5

E) 6

2. Алғаш ұшқанда тіркесінің түрі

A) есімді тіркес

B) етістікті тіркес

C) есімдікті тіркес

D) зат есімді тіркес

E) сын есімді тіркес

3. Ғарыштан бақылауға болатын заман тіркесінің байланысу түрі

A) қиысу

B) матасу

C) меңгеру

D) қабысу

E) жанасу

4. Жердiң жасанды серiктерi тіркесінің байланысу түрі

A) қиысу

B) қабысу

C) жанасу

D) меңгеру

E) матасу

5. «Ғарышты игеру өмiрдiң барлық саласына жаңалық әкелдi» сөйлеміндегі тіркес саны

A) 3

B) 4

C) 5

D) 6

3 из 4

E) 7

6. «Жер шарына қаупi бар апаттардың алдын алады» сөйлеміндегі баяндауыш

A) Жер шарына

B) қаупі бар

C) апаттардың

D) алдын алады

E) алады

7. Атмосферасын зерттейдi тіркесінің байланысу түрі

A) қиысу

B) матасу

C) меңгеру

D) қабысу

E) жанасу

8. Жанасуға тән қатар

A) жалғау тәсілі

B) демеулік шылау тәсілі  

C) орын тәртібі

D) интонация

E) қосымша тәсілі

9. Қабысуға тән қатар

A) жалғау тәсілі арқылы байланысқан есімді тіркес

B) септеулік шылау арқылы байланысқан есімді тіркес

C) орын тәртібі арқылы байланысқан етістікті тіркес

D) жалғау тәсілі арқылы байланысқан етістікті тіркес

E) орын тәртібі арқылы байланысқан есімді тіркес

10.  «Мәселен, ауыл шаруашылығын дамыту керек дейiк» сөйлеміндегі меңгеру

A) мәселен керек

B) ауыл шаруашылығын

C) ауыл шаруашылығын дамыту

D) дамыту керек

E) дамыту керек дейiк

Polina22102005 Polina22102005    1   23.12.2020 07:20    3

Ответы
makka23 makka23  23.12.2020 07:30

1:2 2:3 3:4 4:2 5:1 6:1 7:2 8:3 9:4 10:3

Онлайн мектепке тексеріп қойдым

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi