Жергілікті газетке оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз тақырыбында шағын мақала жазыңыз.100-150 сөз ​

kazbekkhatitow7h52 kazbekkhatitow7h52    3   27.10.2020 19:13    3

Ответы
Доминика12000 Доминика12000  26.11.2020 19:15

Объяснение:

Оқушы бойында адамзаттық қндылықтарды қалай қалыптастырамыз?

Әрбір қазақ отбасында ата – ана қашанда балаларына ізгі де өнегелі тәрбие беріп, жамандықтан аулақ болуды айтып отырады.

Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз.

Сондықтан да оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда отбасының алар орны ерекше. Сонымен қатар оқушылар көп уақытын мектепте өткізетіндіктен отбасы мен мұғалімнің қарым-қатынасы да маңызды. Бала ортасына қарап өсетіндіктен баланың кіммен дос болып, бос уақытын қалай өткізетінін де жіті қадағалап отырған абзал.

Отбасында жылулық пен сүйіспеншілікке оранып өскен баланың бойында адамгершілік пен жағымды қасиеттер басым болары анық. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді, яғни бұл қасиет адам бойында ең алдымен отбасында, атап айтқанда ата – ананың үлгісі мен тәлім – тәрбиесінің арқасында қалыптасады

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi