1-тапсырма. Мәтінді оқып, не? деген сұраққа жауап беретін зат есімдерді теріп жаз. Оқжетпес тауы – Бурабайдағы ең танымал жер әрі Бурабай көлінің сәні. Биіктігі 300 метрдей. Оқжетпестің табиғаты көрікті. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл, құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады. Қазақ халқының талай атақты ақын – әншілері Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән – өлеңдерін арнаған. Оқжетпес маңы – туристік саяхат жасайтын өңір.
Оқжетпес,жер, Бурабай, бұғы, түлкі, шіл, құр, бүркіт.