3, 4-абзацтағы ауыспалы мағынада тұрған сөздерді анықта. Әр адамның өмірінде отбасының маңызы зор. Адамға жалғыз өзі өмір сүру, қиындықтармен күресу қиындық келтіреді. Бір өзі өз табыстарына қуана алмайды. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы алғашқы ізгі ниеттермен байланысты.
Әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып және көзқарастар жиынтығы. Дәстүрлерге сонымен бірге отбасылық шежіре құру да жатады. «Шежіре – бұл бір тамырдан тарайтын ұрпақтар ағашы»,- деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында. Мұндай дәстүрлерге отбасылық мерекелер де жатады. Отбасылық мерекелерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп, қуаныш сыйлайды.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы 15 мамырда Халықаралық отбасы күні деп жариялады. Бұл күнді белгілеу туралы шешім әлем жұртшылығындағы көптеген отбасылық мәселелерге назар аудару үшін қабылданды.
1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн қыркүйектің әр екінші жексенбісінде мерекеленеді.
отбасылық мәселелер, назар аудару, қабылданды, күнін мерекелеу.
мәселелерге назар аудару, күнді белгілеу, күнін мерекелеу.
БҰҰ Бас Ассамблеясы, Халықаралық отбасы күні, жариялады.