1-тапсырма: Мәтінді оқып, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәтінге тақырып қойыңыз. Мәтін мазмұнын ашатын үш сұрақ дайындаңыз. Сол сұраққа жүйелі түрде, өз сөзіңізбен жауап беріңіз.

1832 жылы Есіл өзенінің жағасы Қараөткел шатқалында Ақмола бекінісі салынды. 1863 жылы 16 шілдеде Ақмола қаласы аймақтық қала болып ресми түрде бекітілді. 1960 жылдың желтоқсанында Ақмола Қазақстанның барлық тың игеретін облыстарының орталығы болып жарияланды. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталды. 1998 жылы Ақмола Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланған соң, қала атауы Астана деп өзгертілді. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық.

2019 жылы қала атауы Нұр-Сұлтан деп өзгертілді.

Халық саны: 1 078 362 адам (2019).

Халық санының тығыздығы: 1299 адам/шаршы шақырым.

Аумағы: 72,2 мың гектар.

Телефон коды: Қазақстан бойынша қалааралық код – 7172; халықаралық код – 107 – 7172.

Климаты: Континентальды. Қыс мезгілі өте суық, ұзақ, қатты. Жаз мезгілі құрғақ, шілде айының орташа температурасы +20 С.

1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Нұр-Сұлтан қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. Бразилияда өткен дүниежүзілік байқауда әлем бойынша 12 жас қаланың ішінен Астана жоғары атақты иеленді. Нұр-Сұлтан – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала. Нұр-Сұлтан – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық. Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Нұр-Сұлтан Есіл өзенінде орналасқан. Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты.

2-тапсырма: Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің ережесін еске түсіріп, әрқайсысына екі сөйлемнен құрастырыңыз.​

Ramble2285 Ramble2285    3   07.12.2020 20:13    0

Ответы
Halimali10 Halimali10  07.12.2020 20:20

Объяснение:

Это правильный текст?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi