1-тапсырма. Мәтінді оқы. Төменде берілген тапсырмаларды орында. Күріш
Күрішті ылғалы мол жерге егеді. Көгі жиырма сантиметр болған кезде,
егіске су жібереді.
Күріш суда қалай өседі, өйткені оның тамыры үшін ауа қажет қой деген
сұрақ туады. Мұны байқап көрсек, күріш өсімдігінің тамырында ауа кіретін
арнайы саңылаулар болады екен.
Кейде арнайы жерлерге көшет өсіреді. Оны егістікке көшіріп
отырғызады. Бір ғана алқаптан екі немесе үш өнім алуға болады.
Күріш дәні жабысқан қатты қауызбен қапталған. Оны осы қауыздан
тазартып ақтау қажет. Сонда тамаша ақ күріш алынады. (75 сөз)
1. Бірінші абзацтағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
2. Сан есім мен сын есімдерді теріп жазыңдар.
3. Етістіктерді теріп жазып, қай шақта тұрғанын анықтаңдар.