1-тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Сусыз тіршілік жоқ.
Жер бетіндегі ең көп тараған зат -су.Жер картасына қарайық ,онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған.Ол -су:мұхиттар,теңіздер,өзендер,көлдер.Су атмосферада да аз емес,онда ол бұлт,тұман,бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.Су табиғаттағы барлық тіршілік атауының құрамына кіреді.Көптеген өсімдіктің 80-95% судан тұрады.Жануарлар мен адам денесінде де су көп.Мысалы,салмағы70 кг.адамның денесінде 50кг су болады.Оның мөлшері 17 кг кемісе ,адам өледі. Ал денеде 20 пайыз су жетіспесе, ол ағзаға қауіп төндіреді екен. Адам су ішпей бір апта ғана өмір сүре алады.Су барлық өсімдіктер мен жануарлар ағзасының құрамына кіреді.Сусыз тамақ піспейді,тазалық та болмайды.Сусыз ешбір өндіріс те жұмыс істей алмайды.Су-біздің байлығымыз,сондықтан суды қорғап және әрдайым үнемдеу керек.
1. Жер шарының неше бөлігін су алып жатыр?
А) 80-95%
В) жартысын
С) төрттен үш бөлігін
2. Судың жетіспеуі ағзаға ...
А) күш түсіреді.
В) қатер төндіреді.
С) пайдалы болады.
D) оттегін тасымалдайды.

Kottenok2005 Kottenok2005    1   12.12.2020 02:43    0

Ответы
ruslanchik1999 ruslanchik1999  11.01.2021 02:52

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
897masterlomasotdp3h 897masterlomasotdp3h  11.01.2021 02:52

Объяснение:

1.Төрттен үш бөлігін

2.Судың жетіспеуі ағзаға қатер төндіреді.

Надеюсь

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ