1. Талқы себепшісі – тақырып бойынша 5 сұрақ құрастырады. 2. Белгілеуші – тақырыптың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді
3. Байланыстырушы – тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді
4. Қорытындылаушы – автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды
Ауа райы берілген уақыт пен жердегі атмосфералық жағдайларды сипаттайды.
Бірақ ауа райы мен климат бір емес.
Климат 30 жыл не одан да ұзақ уақыт аралығындағы орташа ауа райы бойынша есептелетін орташа атмосфералық жағдайларға негізделген.
Нақты бір күннің ауа райы сан алуан болуы мүмкін, дегенмен аумақтық климаты бізге қандай ауа райын күтуге болатынын айтады.
Ауа райы – қысқа мерзімдегі жергілікті атмосфералық жағдайы. Климат – ұзақ мерзімдегі орташа атм. жағдайы
Климаттық аймақтар
Әлемді бірнеше климаттық аймақтарға бөлуге болады.
Олар: тропикалық, қоңыржай, құрғақ, суық, полярлық.
Тропикалық. Қоңыржай. Құрғақ. Суық. Полярлық
Полярлық климаттық аймағы
Әр климаттық аймақтың өзіне тән климаты, өсімдік жамылғысы және жануарлар әлемі бар.
Полярлы аймақтар жоғары атмосфералық қысыммен, құрғақ мұзды желімен және ылғалдылықтың аздығымен ерекшеленеді.
Полярлық климаттық аймақ: Жоғары атмосфералық қысым. Төменгі температура. Жылдық жауын-шашынның ең көп мөлшері 25 см. Тропикалық климаттық аймақ
Климат жағдайлары аймақтан аймаққа өткенде өзгеріп отырады.
Тропикалық немесе экваторлық белдеулерде ыстық және ылғалды ауа райы жыл бойы байқалады.
Тропикалық климаттық аймақ: Жауын-шашын мен күннің көп түсуі. Орташажоғары температура 32°C. Орташатөменгі температура 22°C
Мұз қатқан полюстерден ыстық шөл мен қоңыржай шалғынға дейін климат ғаламшарымыздың әртүрлі мекендеу орталары мен биоалуандылығына зор әсер етіп, қалыптасуына үлес қосады

кэм121 кэм121    1   02.09.2020 09:58    13

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi