Оқылым мәтіні / прочитай текст:
Ұлы Отан соғысы халқымыз үшін ең ауыр күндер болды. Ол 1941 жылы 22 маусымда басталып, 1945 жылы 9 мамырда аяқталды. Ұлы Отан соғысы 4 жыл, 1418 күн мен түн бойы болды. Кеңес армиясында орыстар, қазақтар, тәжіктер, украиндер, белорустар, армяндар, грузиндер болды. Олар Отан үшін, бейбіт өмір үшін соғысты.
Сол ауыр күндерде Кеңес армиясы қатарында қазақтар да болды. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан Берлинге дейін барды. Олар Сталинград, Днепр, Москва, Ленинград, Прибалтика, Украина жерлерін қорғады. Кеңес армиясы Украинаны, Қырымды, Прибалтиканы, Белоруссияны, Кавказды, Польшаны, Болгарияны, Румынияны, Венгрияны, Чехославакияны, Германияны жаудан азат етті. Москваны қорғауда 28 панфиловшылар дивизиясы ерлік көрсетті. Бұл дивизия – Қазақстанда жасалған әскери күш, дивизияны басқарған – Бауыржан Момышұлы. Олардың ерлігі бүгінгі күні аңызға айналды.
Оқылған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бер / ответь на во по тексту:
1)Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды?
2)Кеңес армиясы қатарында қандай ұлт өкілдері болды?
3)Кеңес жауынгерлері не үшін соғысты?
4)Қазақстандық атақты дивизия қалай аталады?
5)Дивизияны кім басқарды?
6)28 панфиловшылар дивизиясы қай қаланы қорғады?