1. Тіл туралы мақал-мәтелді анықтаңыз.
A) Дос көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
B) Тіл – тіршілік тірегі.
C) Жақсы дос үшін жан пида.
D) Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала.
E) Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.
2. Синонимдер қатарын белгілеңіз.
A) үлкен, алыс
B) қара, ақ
C) тарих, кітап
D) ат, есім
E) түс, қара
3. Бірыңғай езулік дауыстылары бар сөздерді белгілеңіз.
A) желтоқсан
B) заңгер
C) жұмыс
D) орман
E) мұғалім
4. Тек жіңішке дауысты дыбыстан жасалған жалқы есімді анықтаңыз.
A) 1992 жылға дейін Целиноград деп аталған.
B) Астана 1961 жылға дейін Ақмола қаласы деп аталған.
C) Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.
D) Жаңа қаланың жалпы көрінісі Қазақстанның тарихын білдіреді.
E) Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана.
5. Туынды түбірі бар мақал-мәтелді анықтаңыз.
A) Жігітке өлең де – өнер, өнер де – өнер.
B) Өлең – алтын, сөз – күміс.
C) Ән – көңілдің ажары.
D) Өлең – сөздің патшасы.
E) Ақын мен әнші – адамзаттың бұлбұлы.
6. Түбір сын есімді белгілеңіз.
A) Қысқы
B) Үлгілі
C) Жақсы
D) Ақшыл
E) Көкшіл
7. Қатаң дауыссыз дыбыстар қатар тұрған жалқы есімді анықтаңыз.
A) Алматы.
B) Үржар.
C) Ақтау.
D) Балдырған.
E) Баянауыл.
8. Сын есімнің білдіретін мағынасын белгілеңіз.
A) Заттың атын білдіреді.
B) Заттың мекенін білдіреді.
C) Заттың түрін, түсін, сапасын, сынын білдіреді.
D) Заттың қимылын білдіреді.
E) Заттың санын, мөлшерін білдіреді.
9. Құрамындағы жай сөйлемдері тең дәрежеде байланысқан құрмаластың түрін анықтаңыз.
A) Аралас.
B) Себеп бағыныңқы.
C) Мезгіл бағыныңқы.
D) Салалас.
E) Сабақтас.
10. Құрмалас сөйлемнің түрін табыңыз.
A) Жалаң.
B) Жайылма.
C) Толымсыз.
D) Толымды.
E) Салалас.
11. Ауыспалы мағыналы сөзі бар мақал-мәтелді белгілеңіз.
A) Туған жер – алтын бесік.
B) Көп біл, аз сөйле.
C) Отан – отбасынан басталады.
D) Оқусыз білім, білімсіз күнің жоқ.
E) Ер ел үшін туады, ел үшін өледі.
12. Тек жіңішке дауысты өзен атауын анықтаңыз.
A) Павлодар – Ертіс жағалауында орналасқан қала.
B) Бурабай көлінің суы мөп-мөлдір.
C) Жайық өзенінің жағалауында үлкен ауылдар орналасқан.
D) Ганга – Үндістандағы киелі өзен.
E) Павлодар қаласы 1861 жылы қала мәртебесін алды.
13. Күрделі сөзді анықтаңыз.
A) Құрылыстар.
B) Сауықтыру.
C) Алыс-жақын.
D) Мемлекеттік.
E) Ғимараттар.
14. Жалпылау есімдігі бар сөз тіркесін табыңыз.
A) Қандай тамаша.
B) Менің пәтерім.
C) Ешбір жан.
D) Дәптер менікі.
E) Бүкіл әлем.
15. Сан есімді көрсетіңіз.
A) Елуінші.
B) Шешім.
C) Ағайын.
D) Тәулік.
E) Бірнеше.
16. Белгілі бір атау мағынасын білдіретін сөйлем түрін көрсетіңіз.
A) Атаулы.
B) Жай.
C) Құрмалас.
D) Мезгіл.
E) Жайылма.
17. Жалаң сөйлемді белгілеңіз.
A) Ахмет Байтұрсынов айтқан төрт қағида бар.
B) Мәтінді оқыды.
C) Теледидар қызмет етеді.
D) Мен «Егемен Қазақстан» газетін жиі оқып тұрамын.
E) Олар жаңалықтар мен ресми хабарлардың жиынтығы болған.
18. Жыл мезгілдері ұғымындағы мақалды көрсетіңіз.
A) Ащы еңбектен – тәтті нан.
B) Жұмыстың жаманы жоқ.
C) Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
D) Жаздың бір күні қыстың бір айын асырайды.
E) Күшіңе сенбе, ісіңе сен.
19. Сөйлемдегі жалғаулық шылаудың түрін белгілеңіз.
Үйдің үлкені де, кішісі де – осы.
A) Сұраулық.
B) Қарсылықты.
C) Себеп-салдар.
D) Ыңғайластық.
E) Шектік.
20. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Одан жақсы сөз естісе де, артына қарамай кетіп қалды.
B) Жанында әкесі болғандықтан, шешіліп сөйлей алмады.
C) Не ексең, соны орасың.
D) Аспанды жапқан бұл сиреп, жұлдыздар көріне бастады.
E) Оқуды бітірген соң, мамандығымен жұмыс істеді.

ПринцессалучшаЯ ПринцессалучшаЯ    2   15.02.2020 12:42    5

Ответы
yfjfufnfkdm yfjfufnfkdm  11.10.2020 05:01

ответ: тесттің жауаптары суретте

Объяснение:


1. Тіл туралы мақал-мәтелді анықтаңыз.A) Дос көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.B) Тіл – тір
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi