1.Септеулік шылауды табыңыз А)» Жиренше , үйіңде ұлың бар ма?»-деді ол.
В) Үйден төрт жасар бала жүгіріп шықты
С) біресе мәтін оқимын, біресе жазу жазамын.
Д) «Үлкені де- осы, кішісі де –осы», -деді ол
Е) Іле өзені Қапшағайдан кейін Балқашқа құяды.
2. «Дейін, шейін, кейін» шылауларының түрін ажыратыңыз.
А) демеулік шылаулар
В) қыстырма сөздер
С) септеулік шылаулар
Д) одағай сөздер
Е) жалғаулық шылаулар
3.Күшейткіш демеулікті анықтаңыз
А) –ақ, -ау, -ай, -шы
В) бірақ, сондықтан
С) түгіл, тұрсын
Д) -мыс, -міс
Е) ма, ме, ба, бе, па, пе, ше
4.Талғаулықты жалғаулықты анықтаңыз
А) бірақ, сондықтан
В) мен, пен, бен, және
С) әлде, немесе
Д) қатар, бірге
Е) кейін, басқа
5. «Кейін» шылауы қай септіктегі сөзден соң жазылатынын анықтаңыз
А) барыс
В) табыс
С) жатыс
Д) көмектес
Е) шығыс
6.Демеулік шылауды табыңыз
А) шейін
В) әйтпесе
С) сонда
Д) үшін
Е) ма, ме
7. Шылау сөздерге жататын қатарды белгілеңіз
А) баяндауыш
В) жалғаулықтар
С) еліктеу сөздер
Д) бастауыш
Е) оқшау сөздер
8.Септеулік шылауларын көрсетіңіз
А) түгіл, тұрсын
В) ма, ме
С) немесе, әлде
Д) менен, бенен
Е) дейін, шейін
9. Сәйкес келетін жалғаулықты анықтаңыз
А) бірақ
В) бірге
С) немесе
Д) және
Е) емес
10. Шығыс септікпен бірге қолданатын септеуліктерді анықтаңыз
А) үшін, арқылы, туралы
В) кейін, басқа
С) астам, жуық
Д) қатар, бірге
Е) дейін, шейін
11.Кезектес жалғаулық шылауын табыңыз
А) арқылы
В) түгіл
С) туралы
Д) және
Е) бірде
12.Септеулік шылауды табыңыз
А) мен
В) және
С) өйткені
Д) егер
Е) үшін
13.Көмектес септігімен тіркесетін септеулікті табыңыз
А) қатар, бірге
В) кейін, басқа
С) бірде, болмаса
Д) кейін, шейін
Е) үшін, арқылы
14 Септеулік шылауды көрсетіңіз
А) түгел
В) туралы
С) емес
Д) бірақ
Е) және