1. Одағайға тән ерекшелікті табыңыз. A) Басқа сөздермен байланысқа түспейді.
B) Сөз бен сөзді байланыстырады.
C) Қимыл, іс әрекеттің белгісін білдіреді.
D) Заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы бейнелейді.
E) Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді.
2. Қай сөйлемде үш түрлі шылау қатысқан?
А) Марат та, Сәкен де сабақта жоқ.
B) Ертеңге дейін барып қалармын.
C) Олар туралы бұдан кейін де еститін шығармыз.
D) Қызым, сабаққа дейін тамағыңды ішпедің бе?
E) Қыста қар жаумаса ше?
3. Бірыңғай мүшелерді байланыстыратын ыңғайластық жалғаулық шылаулар қайсы?
A) та, не, немесе B) және, мен, әрі C) бен, я, яки
D) мен, бірақ, алайда E) ма, ме, ше
4. Тыныс белгісі дұрыс қойылған cөйлемді табыңыз.
A) Бұл не деген үлкен қала.
B) Ауа райы қандай тамаша?
C) Тыңда, дала, Жамбылды.
D) Бұл өңірде, әсіресе Алатау маңында тарихи ескерткіш көп.
E) Бәрекелді, балам, осы бетіңнен тайынба!
5. Қыстырма сөз қолданылған жай сөйлемдерді көрсетіңіз.
A) Ойбай, Жақа, ол Жоламанның дүмпуі ғой.
B) Шынында да, халіміз онша мәз емес.
C) Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.
D) Толғауы тоқсан қызыл тіл, сайраймын десең, өзің біл.
E) Қарағым, дұғагөйім, қамқор анам!
6. Кею мағынасында қолданылған одағайды табыңыз.
A) Па, жігіт-ақ екен!
B) Әй, көзіңе қара!
C) А, мен кешіккен екенмін ғой.
D) Япырай,- деп ойлады ол ақырында.
E) Құр – құр... – десті қора ішінен екі дауыс.
7. Бірыңғай мүшелерді байланыстыру үшін қандай жалғаулық шылау қолдану керек?
Ол... биік,... аласа,... қатал, жұмсақ мінезді еді.
A) бірақ B) және C) немесе D) да E) бірде