1.Оқылым Мәтінді мұқият оқып, оқылым тапсырмаларын орындаңыз.
«Достық» мектебінің директоры
Болат Әділетұлына
Құрметті Болат Әділетұлы!
Сіздіі келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін! Күн мен түн теңелетін, ырысы мол мереке біздің жан - дүниемізді шуаққа бөлейді, ой - ниетімізді таза арнаға бұрады. Наурызда айтылған барлық жақсы тілек орындалсын. Наурыз барлығымызға құт әкелсін! Баршаңызға амандық, саулық, дастархандарыңызға молшылық тілеймін!
Шынайы тілекпен,
Спорт мектебінің директоры
М.К.Омаров
1. Мәтіннің жанрын анықтаңыз.
a) Өтініш
b) Құттықтау хат
c) Сенімхат
d) Кепілхат
[1]
2. Құттықтаушы кім?
a) М.К.Омаров
b) Болат Әділетұлы
c) Спорт мектебі
d) Жас ғалымдар [1]
3.Құттықтау хатқа тән 2 сөз қолданысты көрсетіңіз.
a) Өтінеміз
b) Хабарлаймыз
c) Құттықтаймын
d) Тілеймін [2]
4. Құттықтау кімге арналған?
a) М.К.Омаровқа
b) «Достық» мектебіне
c) Болат Әділетұлына
d) Спорт мектебіне
[1]
2.Жазылым
Берілген жағдаяттардың бірін таңдап құттықтау хат жазыңыз.
1) Домбыра күніне орай домырашы досыңызға ресми түрде құттықтау хат жолдаңыз.
2) Наурыз мерекесіне орай сыныптың атынан сынып жетекшісіне ресми түрде құттықтау хат жолдаңыз.