Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, тірек сөздерді көрсетіңіз. Сұрақтарға жауап беріп, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.

Есте жоқ ерте замандардан бері а ауа райын үздіксіз бақылап келеді. Өйткені, олардың көшпелі өмірі ауа райымен тығыз байланысты әрі соған тәуелді еді. Олар жан-жануарлардың қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың сипатын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы, ауа райын дәл айта білу де - кез келгеннің басына беріле бермейтін қасиет. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды «жұлдызшылар» деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары түрлі ырымдарды да ауа райын болжауда кеңінен пайдаланды. Осы орайда назарларыңызға қарапайым кәсіпті серік еткен (балықшылар, егіншілер т.б) атабабаларымыздың ауа райы хақындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.
Шағала суға қонса, күн райының жақсы болатындығын білдіреді. Ал егер құмдақтың бетінде жүруін тоқтатпаса, қамдана бер деген сөз екен. Егер аспан күн ұясына қонып жатқанда алтын және қарақошқыл түсті болса, ал күншығыс бет қарауытып, қызғылт түске еніп тұрса, жаздыгүні ашық, жылы, тыныш күн, қыстыгүні желсіз, бірқалыпты аяз болады деген белгі. Бұлттар ауа райын болжауда үлкен рөл атқарады. Яғни, ертедегі адамдар олардың сыртқы көрінісіне, пішініне, қозғалысына қарап, күннің жағдайын біліп отырған деседі. Мәселен, егер бұлттардың долбары сирек болса, дауылды қарсы алуға дайын бол. Егер олар бір-бірінен алшақ әрі жеңіл көрінсе, желдің жолы әлі алыс дегені. Егер бұлттар бір жерге топырлап, тез қозғалып бара жатса, бір сұмдықтың болары анық. Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа райы бұзылады.
Тірек сөздер:
Сұрақтар: - а ауа райын қалай болжаған?
- ауа райын болжаушыларды қалай атаған?
- ата-бабаларымыз ауа райы жайында қандай жорамал жасаған? Мысал келтір
Мәтіндегі негізгі ой
2-тапсырма
Сан есімнің мағыналық түрлеріне қарай 6 сөйлем жазыңдар

Аdrian Аdrian    1   04.05.2020 17:03    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi