1-Оқылым: 1-мәтін Тәуке басынан талай айқасты өткізді. Түркістан, Сайрамды аламын деп қалың қолмен келген Бұхара, Қоқан, Хиуа хандарына төтеп бере алды. Әсіресе, Тәуке Жоңғар нояндарымен көп алысты. Бұл айқастарында ол үнемі қырғыз елімен бірге болды. Қырғыз манабы Тиес әрқашан да жоңғарға қарсы Тәукемен бір сапта шықты. Қазақ, қырғыз арасында Тәуке хан мен Тиес манапты бөлмей, екі халықтың достығының бейнесі етіп, Тәуке — Тиес деп, қосақтай атады. Тәуке хан кезінде қырғыздың көп-көп ауылы қазақ ауылдарымен аралас, Әндижан маңайын, Шу, Шарын өзендерінің бойын жайлады. 2-мәтін Қазіргі таңда көліктердің түрі көп. Олар суда жүзетін, жерде жүретін,әуеде ұшатын,темір жолмен жүретін көліктер. Барлық көліктерде қауіпсіздік шараларын сақтау керек. Ол сені түрлі апаттардан сақтайды. Қазақ салтында жолға қатысты ырым - тыйым көп. Халқымыз «жолдың да иесі мен киесі болады» деп есептейді.Жолға шығу үшін өзі сәтті деп белгілеген уақытты таңдайды. Жолына сәттілік тілейді. Жасы үлкен аталардан бата алып , ақ жол сұрайды. Қазақтар жол -жөнекей қонған қонақтарды күтіп аттандырып отырған. 1.Екі мәтіннің салыстыра отырып, стилі мен жанрын ажырат. (26) 1-мәтін 2-мәтін

ГригорийСвинатович13 ГригорийСвинатович13    3   22.10.2021 02:13    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi