Айтылым.Оқылым. Мәліметті оқы. Есте сақта.
Төлеген Айбергенов сәтсіздікке берілмеді. Өзінің нәзік жырымен сырын бөлісті. Ол аса көпшіл болды. Оның игілікті жырлары елдің рухани мұрасына айналды. Мәдениетті ақынның қолында адам жүрегіне жол ашатын кілт-нәзік лиризм болды.
Оқылым.Жазылым.Айтылым.
Ақын Мұхтар Шахановтың дос-ағасы –Төлеген Айбергеновке «Айбергенов шыңы» атты өлеңінен алынған үзіндіні оқы. Өлең бойынша сөздік жұмысын жаса. Өлең мазмұнын өз сөзіңмен баяндап айт. Шартты рай формасындағы етістіктерді қолдан.
Бәйшешектің ғұмырындай тағдыр кешкен мәрт батыр
Өлеңінде ешбір ғасыр өшіре алмас өрт жатыр
Намысыңды дәуіріңе өткізбедің қақпақыл
Міне, содан ұлтымызды рухсыздан күзетіп,
Сенің жырың шегарада әлі күнге сапта тұр.
Жазылым.
Сабақта өткен оқу материалдарына , ақын шығармашылығы туралы өзге де ақпараттарға сүйеніп, Төлеген Айбергеновтің өлеңдеріне тән белгілерді диаграмма түрінде жазу.