1. Мәтіндердің мазмұн желісін сақтап , әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазыңыз. Ғарышты игерген ел Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді ... Себебі ғарыш көгінде самғау , шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің әрқайсысының - ақ асыл арманы саналатын . Солардың қатарында ежелден өр туган қазақ та ғарышқа құлшына кол созды . Армандады ... Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына жетті де . 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты ! Айта салғанға ғана сондай жеңіл сөз . Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді ?! Жеңіл болса , Юрий Гагариннің өзі неге 2500 әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп , тандалып алынды ? Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып , тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді . Сурет болғанда қандай ! Мәскеу ол тұста « Наны көп Қазақстанға » ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан ! ( Ол кездегі кеңестің 97 тиыны 1 АҚШ доллары екен . ) . Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында ( 1994 , 1998 , 2001 жылдар ) ойдағыдай жүзеге асырды . Зерттеуші - ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес әрі тұқымдас дақылдың ДНҚ - сын генетикалық трансплантация жасады . Салмақсыздық жағдайында « буыны » босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды . Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 жылдың 18 маусымы күні ашылды . Осы күні « Байқоңыр » ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш « KazSat » Жер серігі ұшырылды . Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысты . Қараша айында « KazSat » жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып , жедел интернет коммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады . 2007 жылдың аяғында да қазақстандық Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп , ақаусыз әрі қалыпты жұмыс істеп тұрды . салып, Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да көпшілігіміз білеміз . Талғат Мұсабаевтың ашык космоста болған уакыт мерзімінің ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше ... Мұның бәрі де казак ғарышы тарихының жарқын беттерінен алынды ! Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов . Ол қазір Ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда . Айдын Айымбетов — Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 жылғы « Қазақстан - Ғарыш » жобасының бүгінгі занды жалғастырушысы.