1. Мәтіндегі мәселе бойынша ғалымдардың мақсаты қандай болуы мүмкін? A. баламалы энергияны күнделікті өмірге енгізу
B. зауыттарға ауа тазартқыш фильтрлер орнату
C. қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салу
D. балама энергияны зерттеуге грант жариялау
2. Бос орындарға қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.
A. «Қазақстан – 2050» стратегиясында өндіру мақсаты қойылады.
B. Жер қойнауымыз бай болғандықтан, біз энергия тапшылығын көріп отырған жоқпыз.
C. Профессор ғылыми-зерттеу грантын жеңіп, нәтижесінде іске қосты
3. Сіздің ойыңызша, Стратегияда көрсетілген мақсат 2050 жылға қарай толық жүзеге асады ма? Неге?
Оқылым
А мәтіні – халық жазушысы Ә. Кекілбаевтың Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 125 жыл толуына байланысты салтанаттағы сөзі;
Ә мәтіні – Қожахметтің «Алаштың асылдары» өлеңінен үзінді. А мәтіні
Ұстаз ұлағаты
Қадірлі қауым!
...Бір таңданатынымыз: Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, бұрынғыдай атқа мініп, зеңбірекке қарсы шапқаннан пайда жоғын түсінген тұлғалардың бірі болған. Сондықтан да Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға.
Бәлкім, біреулерге бұл орынсыз тамсану болып көрінер. Оған дейін де бұл далада Фараби, Иасауи, Қорқыт, Асан қайғы, Ыбырай, Шоқан, Абайлар да өтті ғой десер.
Ол рас. Бірақ Ахмет Байтұрсынұлы оларға ұқсайды да, ұқсамайды да. Ұқсайтыны: ол да аталмыш алыптар сияқты халқына адастырмас жол іздеді.
Ұқсамайтыны: Ахмет Байтұрсынұлы ондай жол Қорқыт пен Асан қайғыдай жаңа қоныс іздеумен табылады деп түсінбеді...
Ә мәтіні
Алаштың асылдары
Әлихан, Мұстафа,
Ахмет, Міржақып
Орнатпақ болыпты
Халқына нұр, бақыт.
Күресті атсын деп
Елінің ақ таңы.
Алаштың айбынды,
Асылдай ұлдары!
Зиялы, жүректі,
Қорғаны тұлғалы.
Сын жерде елінің намысын сатпады.
Бақытқа жетсін деп
Келешек ғасырлар,
Елінің ертеңін
Ойлады асылдар.
Еске алса ұрпағы,
Кеудеге өрт толды.
Алаштың ұлдары
Ақ жолда мерт болды.
4.Берілген кестені толтырыңыз.
А мәтіні
Ә мәтіні
Стилі, себебі ...
Жанры, себебі ...
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Жазылым
Берілген 4 сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін (✔) қойыңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. 29
1
2
3
4
1. ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі
2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.
2. Биотехнологиялық жаңалықтар
Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс-шараның өту барысы туралы шағын репортаж мәтінін жазыңыз.
3. Болашақ энергия көздері
Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды. «Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
4. Алаш идеясы мен қайраткерлері
Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.