1. Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңдар. 1. Перифраза тәсілдерін қолданып, мәтін бойынша сұрақтар құрас- тырыңдар. 2. Әңгіменің табиғатқа қатысты екеніне 3 дәлел келтіріңдер. ...Жаймашуақ көктем еді. Табиғаттың өзге бояуларды менсінбей, өзінің бар бояуын жарқы- рата көрсетіп тұрған шағы болатын. Соның әсері ме, суретші досымның картиналары табиғат картинасы- ның алдында солғын тартып, кү- лімдеген күн көзінен «ұялғандай» сиықсыз көрінген. Анық бір кесімді пікірімді айта алмай, бірінен-біріне көзімді алып қашып, күмілжи бер- генмін. Ол көкпеңбек көк шалғынның үстінде аяқ-қолын тарбитып, тыр жалаңаш жатқан балпанақтай сәбидің бейнесі кескінделген карти- насын қолымен нұсқап: Міне, мына суреттен не көріп тұрсыз? — деді мен білмейтін бір құпия сырды ішіне бүгіп тұрғандай екі көзі ұшқын атып. – Бұл – ғарыш перзенті! Әне, оның әкесі... Әкесінің қос жанары сәбидің әр қимылынан көз жазбай, бақылап тұр! Ол картинадағы көгілдір аспан төсіндегі таңғы көштен қалып қойған қос жұлдыздай сығырайған қос таңбаны көр- сетті. Мен өзімнің кәсіпқой сыншы емес екенімді, сондықтан да көркемөнер сырларына тереңдеп үңіле алмайтынымды айтып, ақталғандай болдым. – Жоқ, - деді ол басын шайқап, үзілді-кесілді келіспей- тіндігін білдіріп, – түсінуге тиістісіз! Өйткені сіз де, мына мен де, жалпы, жер басып жүрген пенделердің барлығы да ғарыш перзенттері! -