1. Мәтінді оқып, түбір зат есімді тап ... Қамбар екі апта жол жүріп, Айлақ деген қалаға жетеді. Ол бұл қалаға келген адамдардың не себепті кері оралмайтынын білгісі келеді. Бірақ бір күн жүріп, ешбір адамды таппайды. Содан бұл жерден қайтайын десе, жолдан адасып қалады. Ол: «Енді отбасымды көрмеймін, туған жеріме қайтып оралмаймын ба?»- деп ойланып отырады да, ұйықтап кетеді. Ертеңіне оянса, бір үйде ұйықтап жатыр екен. Үйден шықса, бұл қалаға келген адамдардың барлығы осында екен. Ол қуанып бәрімен амандасып, мән-жайды сұрастыра бастайды.
Сол кезде қарт адам: «Балам-ау, бұл жер, әрине, әдемі, жақсы және ең маңыздысы, бұл жерде тұратын адамдар ешқашан қартаймайды. Бірақ, ең жаманы, бұл жерден бізге шығуға болмайды. Бұл жерде бір құбыжық бар. Бірақ өте мейірімді құбыжық. Мұнда тірі жан болмағанын біліп, «адамдар қоныстансын, қартаймасын» деген оймен біздің ғаламшарымызға келген екен дейді. Сонда Қамбар: «Онда неге біз бұл арадан шығып, басқаларды шақырмаймыз?»- дегенде, әлгі құбыжық келіп: «Мен сендерді жіберсем, сендер басқа адамдарды шақырасыңдар, ал олар бұл жерге қызығып, осында келгісі келеді. Бәрі келгенде адам саны көбейіп, бұл Айлаққа сыймай кетеді», -деп жауап қайтарады.
Біраз жыл өткеннен кейін құбыжық: «Енді мен өз ғаламшарыма қайтамын. Бұл жерде барлығы сол қалпы қалады, тек адамдар қартаяды», - деп, өз ғаламшарына ұшып кетеді.
Сөйтіп, Қамбар адамдарды алып ауылға қайтады. Туыстары оларды көріп қуанып, үлкен той жасайды.
Қазір бұл мекенде Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуы осы оқиғаға байланысты деген болжам бар.
І. Түбір зат есімдерді тауып жазып, септік жалғауларын жалғап жаз. ( 10 сөз)

veraruu veraruu    3   02.03.2021 11:04    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi