Абайдың тұлға болып қалыптасуына құнанбай қандай бағыт-бағдар берді? ​

andrew22091996 andrew22091996    3   06.09.2020 00:20    5

Ответы
uctni uctni  15.10.2020 17:43
Әкеге тартып ұл туар», «Әке көрген оқ жонар» дейді халқымыз. Абайда болған ақыл-парасат, елім-жұртым деп Едігедей ел қамын жеген халықшылдығы мен қайраткерлігі, сөз жоқ, әке көргендігі. Құнанбайдың жас жігіт Абайға үлкен сенім арта отырып, «ата салтынан адаспа, балам» дегені. Сол сияқты Абайға таққан мына үш түрлі міні мынау: «Ең әуелі - сен жұрттың бәрімен күліп сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі болмайды. Екінші, кім көрінгенге жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің қасына ел үйірілмейді. Елді алатын қылық ол емес. Үшінші, орысшылсың, орыстың дұшпандығын ұмытасың», - депті. Оған Абайдың жауабы: «Қолында құралы бар бірен-саранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін... Орысшылсың дегенге: «Заман орыстікі, ол жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білу керек. Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі аламын» депті
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi

Популярные вопросы