1. Мәтін мазмұнын негізге ала отырып, жоспар құрыңыз. Кіріспе бөлімі
Негізгі бөлімі
Қорытынды бөлім
«Бәйтерек» монументі Есіл өзенінің жағасындағы Қазақстанның бас қаласы – Астанада орналасқан. Металдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: ол биіктігі 97 метрлік (ал шарды қоса есептесе 105м) металл құрамасынан, салмағы мың тоннадан астам бес жүзге жуық қададан тұрады. Монументтегі барлық дүние: төбесіндегі алтын шар, биіктігі және үш аймаққа бөлінген ішкі архитектурасы белгілі бір символды білдіреді. Осындай диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна болатын алып шар әлемде тұңғыш рет бізде салынды.
«Б»йтерек» нысаны үш бөліктен тұрады: астыңғы бөлігі ұлттардың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің шышандарын білдіреді. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып, төңірегін көруіне мүмкіндік беретін дәмхана да бар. Панорамалық залдың ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 түрлі әлем діндерінің уәкілдерінің қолы қойылған ағаш глобус орналасқан. Ал қасында монументі жасау идеясының авторы – Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының ізі бар.
Астананың орталығында көкке бой түзеп тұрған «Бәйтерек» - қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен тілеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дарқандықтың көрінісі іспетті. Ол – елорда халқы мен қонақтарының ең көп баратын сүйікті орны.

anastasiyalaza anastasiyalaza    2   21.12.2020 08:57    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi