Толғаныс бөлімі Тапсырма: дөрекі, әдепсіз сөздердің мәнін ашып, дисфемизмдерді эвфемизмдерге айналдырыңдар.
1. Ерінен айырылған көмгенше жылайды,
Елінен айырылған өлгенше жылайды.
(көмгенше – жерлегенше, өлгенше – өмірінің соңына дейін)
2. Қақылдаған тауық тумай қоймайды.
(тумай – жұмыртқаламай)
3. Шошқаға ерген балшыққа аунар.
(шошқаға – нашар, жаман адамға)
4. Жолдасың соқыр болса,
Сен де бір көзіңді қысып қой.
(соқыр – ауыспалы мағынада, надан болса, сұғанақ болса, аңғал болса т.б.)
5. Ешкі егіз туып, қойдан көп болмас.
(туып – лақтап)
6. Қарғаның бір көзі оқта, бір көз боқта.
(боқта – жаман нәрседе)
7. Сараң да бір, сасық су да бір.
(сасық – лас, иістенген)
8. Өсекшінің тілі қышып тұрады.
(өсекші – сөзуар)
9. Қысыр сөзде қырсық көп.
(қысыр – жаман, мәні жоқ)
10. Итпен жолдас болсаң, таяғыңды тастама.
(итпен – сенімсіз адаммен)​

YuliaShckumat YuliaShckumat    2   17.12.2020 20:56    4

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi