1 - кезең . Берілген тақырыптарға эссе жазу 1. « Денсаулық- зор байлық » 2. « Достық - өмірлік нұсқа » 3. « Менің отаным - Қазақстан » / 50 ұпай 3. Бүткіл әлем сүйсінер елдің азаматшасы болу мен үшін үлкен мақтаныш . Қазақ жерінде туылған соң бар күш қайратымды қазақ еліне арнап , қазақ деп үн қатамын . Мен айтар ән де Қазақстан . Мен жырлар күй де Қазақстан Себебі , менің Отаным - Қазақстан .Отан ! Отан ! Сен болмасаң , не етер ем ? Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем , Өмірден бұл өксуменен кетер ем . Құс ұясыз Жыртқыш інсіз болмайды . Отансыз жан өмірінде оңбайды . Өзін - өзі қорлайды да сорлайды . Тірі адамға - сол қайғы ! Бүткіл әлем сүйсінер елдің азаматшасы болу мен үшін үлкен мақтаныш . Қазақ жерінде туылған сс қайратымды қазақ еліне арнап , қазақ деп лр күшИя , әркімнің өз туған жері - жұмағы . Менің кіндік қаным тамған жер , ұлы дала , байтақ ел - Қазақстан . Мен елімді шексіз сүйгендіктен жүрегімнің соңғы дүрсіліне дейін туған далама адал қызмет еткім келеді . Ұлы даралар салған жолмен жүріп туған тілімізді , дінімізді , сан мыңдаған тарихымызды танып білу үстіндеміз . Осы күнге дейін біз қаншама ірі жобаларды жүзеге асырдық , рухани жаңғыру аясында ЕХРО - 2017 ұлттық көрмесін қою мәртебесі Қазақстанға бұйырды , енді айта берсек өте көп . Биыл 2019 жыл елімізде жастар жылы деп аталғаны барлығымызға мәлім . Осыған байланысты дарынды да өнерлі жастарымыз өз ұсыныстарын ортаға салды және қазірде ірі белестерді бағындыру үстінде . Жақында Америка елінде " The World's Best " атты әйгілі жоба құрылып , әлемнің түкпір - түкпірінен жиналған өнерлі жастар бақ сынасты . Сол жобаға елімізден бұлбұл дауыс иелері Димаш Құдайберген , Данэлия Тулешова да қатысты . Бір қуантарлығы бұл екі әнші де ақтық байқауға жолдама алды