Қазақ тілі І нұсқа 1. Қай қатарда жіктеу есімдігі орналасқан?
А) Әркім, кейбіреу, әлденеше
В) Олар, мен, біз
С) Кім, қашан, неше
Д) Біреу, ешбір, қайсыбір
Е) Бәрі, түгел, барша
2. Болымсыздық есімдігін табыңыз.
А) Дәнеме
В) Бірдеме
С) Кімде-кім
Д) Әлдекім
Е) Біреу
3. Дұрыс септелген есімдікті табыңыз.
А) Менге
В) Сенмен
С) Сода
Д) Бұдан
Е) Сеннің
4. Анықтауыш қызметінде тұрған есімдіктің қай түрі?
«Өз елім - өлең төсегім».
А) Жалпылау В) Сілтеу С) Сұрау Д) Белгісіздік Е) Өздік
5. Қате тәуелденген есімдікті табыңыз.
А) Менің мынауым
В) Сенің бұның
С) Сіздің осыңыз
Д) Оның мұнысы
Е) Біздің олымыз
6. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.
А) Өздері
В) Өздеріңіздің
С) Өзіңнен
Д) Өздеріменен
Е) Өздерімізденсің
7. Есімдікті басқаша қалай атайды?
А) Есім сөз
В) Орынбасар сөз табы
С) Көмекші есім
Д) Жалпы есім
Е) Есімше
8. Жіктеу есімдігін табыңыз.
А) Бұлар
В) Қайдан?
С) Ешкім
Д) Олар
Е) Кейбіреу
9. Күрделі есімдіктер қатарын табыңыз.
А) Күллі, барша, тегіс
В) Өзім, өзді-өзі, өздеріңіз
С) Қашаннан? Қайсысы? Неңіз?
Д) Әркім, қайсыбір, ешқашан
Е) Мынау, осыңыз, соным
10. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін табыңыз.
А) Кіміңіз? Несі?
В) Бұнысы, мынауыңыз
С) Соның, анаған
Д) Өздерің, өзіңіз
Е) Барлығынан, бәрінің
11. Жалпылау есімдігін көрсетіңіз.
А) Бірнеше
В) Саған
С) Дәнеңе
Д) Әлдекім
Е) Түгел
12. Есімдік сөйлемде қандай жағдайда анықтауыш болады?
А) Зат есім орнына қолданылса.
В) Сын есім, сан есім орнына қолданылса.
С) Мезгіл, мекен мағынасын білдірсе.
Д) Сөйлем соңында келсе.
Е) Үстеу сөздердің орнына қолданылса.
13. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті көрсетіңіз.
А) Осынау
В) Оған
С) Әрне
Д) Кейбіреулер
Е) Ештеңе
14. Асты сызылған есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?
«Сендер нешеусіңдер?»
А) Бастауыш
В) Баяндауыш
С) Толықтауыш
Д) Анықтауыш
Е) Пысықтауыш
15. Бастауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.
А) Әркімді заман сүйремек.
В) Өзіңде бармен көзге ұрып, артылам деме өзгеден.
С) Жаңа жолдың басшысы – ол.
Д) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.
Е) Сенен аяр түгі жоқ, Бүгін сыйлас көрініп.

9SawHoffman 9SawHoffman    2   26.01.2021 11:22    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi