Этнография, этнология (гр. etnos – тайпа, халық, grapho – жазу) – қоғамдық ғылымның тайпалар мен халықтарды зерттейтін саласы. Этнография қазіргі халықтарды және ертеде өмір сүрген көне этностық топтардың шығу тегін, ру-тайпалық құрамын, қонысын, олардың өзіндік ерекшеліктерін зерттейді.Депопуляция - белгілі бір аумақта халықтың азаюы немесе мүлде жойылуы. Туудың азайып, өлім-жітімнің көбеюі. Депопуляция адам санын өзгертеді, сондықтан, бұл саяси және экономикалық мәселелер тудырады. Депопуляция — адам санының немесе жануарлар дүниесінің азаюы. Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай әлемдік және ұлттық дін болып бөлінеді.Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін бар: Христиан діні; Ислам діні; Буддизм. Христиан діні 2 мың жыл бұрын қазіргі Израиль жерінде пайда болған.Әлемде 10 000 түрден астам дін бары белгілі. Жер шары тұрғындарының 84 пайызы ең үлкен делінген 5 дінге сенеді.
% верно