1. Етістік дегеніміз не?
А) заттың атын білдіредіВ) заттың сынын, сапасын білдіредіС) заттың қимыл, іс-әрекетін білдіредіD) заттың санын білдіреді.Е) заттың көлемін білдіреді
2. Етістіктің сұрағын тап.А) қалай?B) қайтті?С) неше ?D) қайда?Е) қалайша?
3.Етістіктің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш Е) пысықтауыш
4.Қай сөйлемде етістік бастауыш қызметін атқарып тұр? А) Балалы үй –базар. В) Үндемеген ұтады. С)Сабыр түбі – сары алтын. Д) Бүгін бізде алты сабақ болады. Е) Сыйлағанды сыйлай білу керек.
5.Тұйық етістікті табыңыз А) оқып В) көрген С) айтпақ Д) білгелі Е) сарғаю
6. Бір сыңары зат есім болып келген күрделі етістікті табыңыз А) жүре бер В) жазып отыр С) келе жатыр Д) ән салды Е) тыңдады
7. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз А) биледі В) билер С) билеген Д) билепті Е) билейді
8.Жедел өткен шақта тұрған етістікті табыңыз А) көріп отыр В) көреді С)көрді Д) көрген Е) көріпті
9.Тұйық етістікті көрсетіңіз А) алтау В) сұлу С) бау Д) отау Е) оқу
10.Салт етістікті табыңыз А) Сәлмен қария бұл ауылды білмейді В) Малды бақсаң, қой бақ. С) Ол күшікті көрді. Д)Әсем сылқ-сылқ күлді. Е)Қолыңды қалтаңа салып тұрма.
11.Қай жалғау тұйық етістікке жалғанбайды? А)көптік жалғау В)Септік жалғау С)Табыс септік жалғауы Д) Тәуелдік жалғауы Е)Жіктік жалғауы
12.Болымсыз етістікті табыңыз.А) Шөп шабылды (ма)B) Ол келіп (пе)С) Жамандыққа жола (ма)D) Жақсылықтан қаша (ма)Е) Өтірікке жол жоқ.