Эссе на казазском языке "менің сүйікті актерім"

Ландыш098 Ландыш098    1   23.08.2019 14:50    8

Ответы
stashea stashea  05.10.2020 14:47

Менің сүйікті актерім туралы.

Менің сүйікті актерім Азат Райымбекұлы Сейтметов  — танымал кино және театр актері. Ол - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 1964 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында актерлер отбасында дүниеге келген. 1985 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы театр училищесін тәмамдаған.

Сахнадағы негізгі рөлдерінің ішінде М.Әуезовтің «Абайында», «Қарагөзінде», «Еңлік - Кебегінде», И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» т.б., сонымен қатар «Періште», «Балалық шағымның аспаны», «Анаға апарар жол» секілді фильмдерінде басты рөлдерді сомдаған.

2016 жылы Seoul International Drama Awards – телевизиялық фильмдер мен актерлердің, сондай-ақ, түсірілім қызметкерлерінің жыл сайын өтетін бәйгесінде «Әке» телехикаясындағы әке ролі үшін қазылар алқасының шешімімен «Жылдың үздік актері» номинациясында жеңімпазы атанды.Байқауда Қытай, АҚШ, Жапония, Бразилия, Түркия, Ұлыбритания сияқты елдермен қоса, әлемнің елуден астам мемлекетінің өкілдері бақ сынады. «Seoul International Drama Awards» фестивалінде әр елдің сериал жанрындағы жаһандық және әлеуметтік мәселелерді қамтитын үздік жұмыстары сарапқа салынды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi