1. 83 бет 1 тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Мәтінге тақырып қойып, сұрақтарға жауап бер. Уыз — жаңа төлдеген малдың 4-5 тәулiкке дейiнгi ең маңызды сүті. Сары уызды енді ғана төлдеген малды бірінші рет сауғанда алады. Уыздың нәрлілік қасиеті кәдімгі сүттен бірнеше есе күшті болады. Уыз, сүтке қарағанда, қою, сары түстi, қышқыл дәмдi. Уыздың құрамында антиоксидант өте көп. Сондықтан ол жас төл ағзасының қорғаныш қасиетін арттырып асқорыту жүйесін ретке келтіреді.
Енесінің уызын тойып емген төл мықты болады, тез ширайды. Енесі өрістен келгенше өздігінен жем-шөп жеп, тез өседі. Сондықтан қазақта «уызына жарымаған» деген сөз қалған. Бұл әлсіз, аурушаң балаларға, төрт түліктің әлсіз төлдеріне қатысты айтылады.
Уызды сиыр, қой, ешкі сүтінен дайындайды. Жаңа сауылған сүтті таза етіп жуылған қойдың бүйеніне құйып, қайнап жатқан суға салып пісіреді. Кейде сүтке кішкене қант не тұз сеуіп, уыздың дәмін келтіреді. Бір үлкен қойдың бүйеніне 1,5 литрге дейін сүт сыяды. Уыз піскен кезде қатады, сондықтан бүйенмен бірге біркелкі етіп кесіледі.
1. Жаңа төлдеген малдың 4-5 тәулiкке дейiнгi ең маңызды сүті қалай аталады?
2. Уыздың нәрлілік қасиеті кәдімгі сүттен неше есе күшті болады?
3. Ненің құрамында антиоксидант өте көп?
4. Нені емген төл мықты болады, тез ширайды?
5. Уызды неден дайындайды?
Объяснение:
Надеюсь всё понятно и видно
Удачи!