4-тосан 6 сабақ
§30 Пәннің атауы: Дүниежүзі тарихы 6 сынып
Сабақ тақырыбы: Коперниктің теориясы қаншалықты бірегей болды?
Сабақтың мақсаты: Адам өміріндегі қоршаған орта туралы білімнің рөлін, жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын талдай аласыңдар.
Сабақтың барысы:
Қысқаша конспект XVIІ ғасырдың басында Австралия құрлығы ашылды. Орыстар Солтүстік Азияның зерттелмеген жерлеріне еніп, Тынықмұқит жағалауына шықты. География ғылымы тамаша табысқа жетті. Ашық теңізде кеменің қай жерде жүргенін дұрыс анықтау үшін планеталар мен жұлдыздардың қозғалысын жақсы білу қажет болды. Коперник Николай (1473-1543), Бруно Джордано (1548-1600), Галилео Галилей (1564-1642) жаңалықтары әлемдік ғылымның дамуына көптеген мүмкіндіктер ашты.
Сабақ барысында
орындалатын
тапсырмалар:
Ғылыми
жаңалықтардың
маңызы туралы хат
жазу.
Кестені толтыру.
Кестені толтыру.
Тапсырма №1 Тапсырма №1 Н.Коперникке «Орта ғасырлар кезеңінде ашылған ғылыми жаңалықтардың маңызы» тақырыбында хат жазамыз. Тапсырма №2 Кестені толтырып, ғылыми жаңалықтардың маңызын анықтаймыз.
Ғалымдар Ғылыми жаңалықтары Жаңалықтардың маңызы Н. Коперник Д. Бруно Г. Галилей Тапсырма №3 Дүниенің құрылымы жөніндегі пікірлерді кестеге толтырамыз.
Птолемейдің пікірі Коперниктің пікірі Коперниктің ғылыми жаңалығы несімен бағалы?
Параграфтар бойынша меңгергенімізді төмендегі берілген тест тапсырмасымен тексереміз.
§30
1. Ғылыми көзқарасы үшін отқа өртелген ғалым
А) Франсуа Рабле
Ә) Николай Коперник
Б) Джордано Бруно
В) Галилео Галилей
Г) Томас Мор
2. Ғылым тарихында тұңғыш рет телескопты құрастырушы
А) Леонардо да Винчи
Ә) Галилео Галилей
Б) Николай Коперник
В) Джордано Бруно
Г) Уильям Шекспир
3. Тұлғаларға қатысты мәліметтердә сәйкестендір.
1. Джордано Бруно
2. Галилео Галилей
3. Николай Коперник
А) аспан денелерінің айналысы туралы еңбек жазды
Ә) жас кезінде монастырь мектебінде оқыды
Б) 1633 жылы діншілдер оны соттады