2. Сұйықтар мен газдар неліктен қысымды барлық жаққа бірдей жеткізеді? Оны қалай түсіндіруге
болады?
3. Паскаль заңы қалай айтылады?
4. Неліктен газдың қысымы сығылғанда артады, ал
ұлғайғанда кемиді?
5. Сұйықтар мен газдардың қабаттарының түсіретін
қысымы қандай формуламен анықталады және ол
қандай шамаларға тәуелді?
6. Цилиндр тәрізді әртүрлі екі ыдысқа массасы
бірдей су құйылған (сурет 4.17). Судың ыдыстар
табанына түсіретін қысым күші бірдей бола ма?
Жауаптарыңды дәлелдеңдер.
7. Саңылаулары бар цилиндрдегі сұйық ең жоғарғы
саңылаудан жақынға, ал ең төменгі саңылаудан
неғұрлым алысқа шапшиды (сурет 4.18). Бұл
құбылысты қалай түсіндіруге болады?
8. Ішінде суы бар ыдысты таудың биік шыңына
орналастырғанда; таудың етегіне орналастырғанда
оның бүйіріндегі саңылаудан судың шапшып шығу
жылдамдығы бірдей бола ма?
9. Ішінде суы бар ыдыстың резеңке табаны (түбі) Жерде және Айда бірдей майыса
ма? Құбылысты түсіндіріңдер.
Сурет 4.18. Ыдыстың
төменгі шүмегінен
шыққан сұйық алысқа
шапшиды
10. Салмақсыздық жағдайында ғарыш кемесінің кабинасына орналастырылған
суы бар ыдыстың резеңке түбі қандай күйде болады?